×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Құлсарыдағы 100-ден астам үйден әлі де су кеткен жоқ

05.05.2024, 11:54
Құлсарыдағы 100-ден астам үйден әлі де су кеткен жоқ
Фото: Ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Құлсары қаласындағы су тасқыны жағдайы жөнінде ақпаратты жаңартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құлсарыда 100-ден астам жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысанында әлі де су жайылып жатыр.

Өңірдің эвакуациялық пункттерінде 769 адам бар, оның 430-ы балалар.

– Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп барады. Төмендегені байқалмайды, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 7 сәуірінен бастап Атырау облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталып келеді. Бұған дейін су басқан Құлсары тұрғындары митингке шыққан болатын.

Құлсарыдағы наразылық

2 мамыр күні кешке Құлсарының Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан тұрғындары әкімдік ғимараты алдында жиналып тұрғанын, қажет болса шатыр тігіп сонда түнеуге дайын екенін жеткізген. Олар өз үндеуін президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдады.  

– Біздер топан судан зардап шеккен халық. Маңдай терімен, адал еңбегімен салған үйінің әділетті бағасы есептеліп, ақшаны қолымызға алғымыз келеді. Үйлерімізге әр шаршы метріне 400 000 теңгеден ақы төленіп, сол ақыны қолымызға алғымыз келеді, - дейді видеожазбадағы азамат.  

“Және тағы бір реттік берілген 100 АЕК көлеміндегі көмекті осы халықтың мәселесі шешілгенге беруіңізді сұраймыз” дейді азаматтар.  

Сондай-ақ шаршы метріне 400 мың теңге деген ұсыныс мәжіліс депутаты Әділ Жұбановтың ұсынысы екенін айтып, жиналғандар бір ауыздан “қолдаймыз” деп дауыстады. 

Құлсарыдағы ахуал 

Еске сала кетейік, су тасқыны кезінде қатты зардап шеккен өңірлердің бірі осы Құлсары қаласы. Атырау облысының Құлсары қаласында 300-ден астам жеке тұрғын үй су астында қалған.  Су тасыған кезде бірнеше кісінің өлімі тіркелді.