×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Су тасқыны: екі облыста үй құрылысы қарқыны баяулап тұр

11.06.2024, 10:29
Су тасқыны: екі облыста үй құрылысы қарқыны баяулап тұр
Коллаж: ulysmedia.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, су тасқыны салдарынан 18 005 тұрғын үй зардап шеккен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет отырысында баяндама жасаған Қанат Шарлапаев 17 295 нысан бойынша техникалық тексеріс нәтиже барын айтады. Тексерілген нысандар бойынша 2,245 (тұрғын үй салу, жылжымайтын мүлік нарығында 5,235 тұрғын үй сатып алу және 9,819 объектілерін жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 1 828 үйдің құрылысы басталған, бұл жоспарланған көрсеткіштің 81% құрайды.

– Бұл ретте, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында жүргізіліп жатқан жұмыстың төмен қарқыны байқалады. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында әлі күнге дейін 2,122 үй су астында. Солтүстік Қазақстан облысында құрылыс қарқыныны жақсы. Бүгінде 53 тұрғын үй пайдалануға берілді, – дейді ол.

Бүгінгі күні республика бойынша 1 943 тұрғын үй сатып алынған. 

  • Ақмола – 129 үй;
  • Ақтөбе – 171 үй; 
  • Батыс Қазақстан – 128 үй;
  • Қостанай – 307 үй;
  • Қарағанды – 6 үй;
  • Солтүстік Қазақстан – 204 үй;
  • Атырау – 996 үй;
  • Ұлытау – 2 үй;
  • Павлодар – 1 үй.

3,882 үйдің жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

  • Ақмола – 39 үй; 
  • Ақтөбе – 855 үй;
  • Атырау – 885 үй;
  • БҚО – 846 үй;
  • Қостанай – 872 үй;
  • Қарағанды – 47 үй;
  • Павлодар – 32 үй;
  • Ұлытау – 17 үй;
  • СҚО – 289 үй.

Сонымен қатар, жөндеу жұмыстары бойынша төлемдерді 

  • 1 772 үй иелері алды
  • Ақмола – 39 үй; 
  • Ақтөбе – 855 үй;
  • БҚО – 846 үй;
  • Қарағанды – 10 үй;
  • Павлодар –2 үй;
  • Ұлытау – 17 үй;
  • СҚО – 3 үй.

Министрлік жанындағы ахуалдық орталық және Еңбек ресурстарын дамыту орталығы EGOV және «Әлеуметтік көмек» инфоржүйесі арқылы азаматтардан өтініштерді қабылдау және өңдеу процесіне мониторинг жүргізеді.