×
$
450.91
522.69
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.91
522.69
5.33

Трамп Зеленскийді Ресейдің отын нысандарына шабуылды тоқтатуға шақырды

Бүгін, 18:49
Трамп Зеленскийді Ресейдің отын нысандарына шабуылды тоқтатуға шақырды
АР

АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Зеленскийді Ресейдің отын инфрақұрылымына жасалып жатқан соққыларды тоқтатуға шақырды. Америкалық көшбасшы мұндай әрекеттер Ресейде дизель отынының тапшылығына әкеліп отырғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Трамп бұл пікірін Ирландияда өтіп жатқан Amgen Irish Open гольф турнирінде журналистермен сөйлескен кезде айтты.

АҚШ президентінің айтуынша, Зеленский Ресейдегі дизель отынын өндіретін нысандарды істен шығаруды тоқтатуы керек.

– Зеленский бірнәрсе істеуге тиіс. Ол Ресейдегі дизель өндірісін тоқтататын соққылардан бас тартуы керек. Соның салдарынан дизель тапшы болып жатыр. Мұның Таяу Шығысқа қатысы жоқ. Бұл Ресей мен Украина арасындағы жағдайдың салдары, – деді Трамп.

Трамп Ресейдегі дизель тапшылығын Ресей мен Украина арасындағы жалғасып жатқан қақтығыспен байланыстырды.

АҚШ президентінің айтуынша, қалыптасқан жағдай Таяу Шығыстағы оқиғаларға қатысы жоқ.

Трамп дизель тапшылығының себебі Ресей мен Украина арасындағы текетірес екенін айтып, әсіресе жанармай өндірісіне қатысы бар ресейлік нысандарға жасалып жатқан соққыларға назар аударды.