×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Павлодар облысында ер адам өзі мен сүйіктісін өртемек болды

10.11.2021, 19:32
Фото: ашық дереккөз

Әйел қашып үлгерген және болған оқиға туралы туыстарына хабар берген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Рavlodarnews.kz-ның мәліметінше, Екібастұз қаласының полициясына 52 жастағы қала тұрғыны бұрын танысқан ер адамға қатысты шара қолдануды сұраған. 

«Жәбірленушінің айтуынша, ол алты ай бұрын 61 жастағы ер адаммен бірге тұрған. Кейінірек олар ажырасып кеткен7 Ер адам соңынан түсіп, үнемі жұмыстың жанында қадағалап, сүйіктісін қайтаруға тырысқан, тіпті  күш қолдану арқылы қорқытқан», - дейді Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ер адамның сүйіктісін қайтару әрекеттері іске аспаған соң қатаң шешім қабылдауға кіріскен. 2 қазан күні сағат 17.30 шамасында 52 жастағы қала тұрғынының ауласына келіп, оған және өзіне бензин құйып, өртеуге тырысқан.

Ер адамға қатысты қауіп төндіру бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 115-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары