×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Түркістан облысында орманның бір бөлігі магистралды құбыр салуға берілді

16.09.2021, 12:59
фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында орманның бір бөлігі магистралды құбыр құрылысына берілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Жалпы аумағы 5,2106 га жер учаскесі Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік жері және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын», - делінген үкімет қаулысында.

ҚазТАГ мәліметінше, қоса берілген экспликацияға сәйкес, барлық аумақ – орманды жер.

Учаске магистралды құбыр құрылысы үшін «Интергаз Орталық Азия» компаниясына берілмек.

Серіктес жаңалықтары