Семей қаласы аумағында Ертіс өзенінде патрульдеу жүргізген жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 7 адамды құтқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ерболат Айтқазы мен Әнуар Тағаев қалалық жағажай аумағында 7 адамды құтқарды, оның ішінде 14 пен 16 жас аралығындағы бес жасөспірім бар. Оларды ағыс алып кете жаздаған. Аз уақыт аралығында 1982 жылы туған ер адам мен қалтқыларға жүзіп өздігінен жағаға қайта алмаған әйел құтқарылып, жағаға жеткізілді – делінген ТЖМ хабарламасында.
Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмады.