×
$
450.91
522.69
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.91
522.69
5.33

Алматы облысында тауға шыққан оқушылар мен мұғалімдер адасып кеткен

Бүгін, 16:20
Алматы облысында тауға шыққан оқушылар мен мұғалімдер адасып кеткен
Видео кадры

Алматы облысында тауда адасып кеткен тоғыз адамды іздеу жұмыстары аяқталды. Олардың арасында жеті оқушы мен екі мұғалім болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Топ Қарасай ауданындағы Известковое шатқалында адасып кеткен.

Оларды іздеу үшін оқиға орнында жедел штаб құрылды. Іздестіру жұмыстарына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, полиция, дәрігерлер мен еріктілер жұмылдырылды.

Таулы аумақты барлау үшін жылу камерасы орнатылған дрон мен тікұшақ пайдаланылды.

Тікұшақтан байқалған

Таңертең оқушылар мен мұғалімдер тікұшақтан байқалған.

Осыдан кейін құтқарушылар топқа жетіп, оларды автотұраққа дейін алып шықты. Балалар ата-аналарына табысталды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ешкімге медициналық көмек қажет болмаған.