×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

БҚО-да 1,3 млн теңге қарызы бар борышкер қолға түсті

07.08.2024, 16:06
БҚО-да 1,3 млн теңге қарызы бар борышкер қолға түсті
polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында полиция 1,3 млн теңге қарызы бар борышкерді ұстады, – деп хабарлады Ulysmedia.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН 53 РЕТ БҰЗҒАН

Бүгін Орал қаласының көшелерінің бірінен «Suncar Smart Qorgau» автоматты жүйесі арқылы Hyundai автокөлігі тоқтатылып, көлік жүргізушісінің 53 рет жол ережесін бұзып, сол үшін төлемеген 1,3 млн теңге қарызы бар екені анықталды.

Жүргізуші облыс орталығының көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты арттырған. Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушіні тәртіпке сәйкес, тиісті құжаттармен таныстырып, хаттама  толтырды.

АВТОКӨЛІК БІРДЕН АЙЫПТҰРАҒЫНА ҚОЙЫЛДЫ

Тексеру кезінде құқық бұзушының Орал қаласының тұрғыны екені белгілі болды.  Ол 2003 жылы туған.

Полиция оған айыппұл сомасының 50 пайызын төлеп, қарызды жеңілдетілген тәртіппен өтеуге қақы бар екенін ескертті.

Қазіргі уақытта автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Жақында Орал қаласында жүргізуші куәлігі де жоқ, көлігінің нөмірі де жоқ 21 жастағы тұрғын ұсталған болатын.