×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Павлодарлықтар жаралы аққуды құтқарды

19.11.2021, 19:33
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Павлодар ауданы, Черноярка ауылының маңынан табылған сыбырлақ аққу облыс орталығына жеткізілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Павлодар облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

«Павлодар қаласының тұрғыны Черноярка ауылының маңында жас сыбырлақ аққуды тауып алған. Ол бұталардың арасында тығылып қалған екен. Кейінірек Талғат есімді павлодарлық аққуды орманшыларға жеткізді. Киелі құсқа деген қамқорлығы үшін жерлесімізге алғыс білдіреміз», - делінген хабарламада.

Орманшылар құсты «Жан» ветеринарлық клиникасына жеткізді. Сыбырлақ аққуды жіті тексерген мамандар оның тұмсығы жараланғанын анықтады.

Серіктес жаңалықтары