×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Маңғыстауда көлік жүргізуші үш адамды қағып кетті: біреуі мерт болды

22.11.2021, 19:14
Маңғыстауда көлік жүргізуші үш адамды қағып кетті: біреуі мерт болды

Қайғылы жағдай Бейнеуде болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлік қаққақ үш адамның біреуі – 43 жастағы ер адам алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза болды.

Оқиға 18 қараша күні сағат 07:30 шамасында Бейнеу ауылында болған.

А.Жұбанов – Қашаған көшелерінің реттелетін қиылысында Lada Kalina көлігі жол апатына ұшырады. Ол қағып кеткен үш жаяу жүргіншінің біреуі оқиға орнында тіл тартпай кетті.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Басқа ақпараттар әзірге жарияланбайды», - делінген хабарламада.