×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Білім саласындағы былық. 1500-ге жуық қызметкер жауапқа тартылды

29.08.2024, 19:04
Білім саласындағы былық. 1500-ге жуық қызметкер жауапқа тартылды
ашық дереккөзден

Қарағанды облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

Облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеров балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, аталған бағытта өткізілген тексерулердің нәтижесінде облыс бойынша санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі, білім беру, инклюзивті оқыту, фармацевтикалық қызмет, еңбек қатынастары, объектілердің қауіпсіздігі және мемлекеттік сатып алулар салаларында 3 мыңнан астам заң бұзушылықтар анықталғанын атап өтті.

Тексерулердің нәтижелері бойынша 400 қадағалау актісі енгізілді, 1,5 мың лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 100 миллион теңге айыппұл салынды.

117 мың баланың құқығы қорғалып, 4 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 1 іс бойынша үкім шығарылды, қалғандары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.