×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

17.09.2021, 11:44
Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы 18-20 қыркүйектегі ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Солтүстік суық антициклон жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының батыста, содан кейін республиканың қалған аумағында төмендеуіне әкеледі. Демалыс күндерінің басында ғана еліміздің солтүстік, шығыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерінде тұрақсыз ауа-райы сақталып, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

«Қазақстанның батысында ауа температурасы түнде аздап жоғарылайды: 2 – 10 градус жылыдан 1-13 градусқа дейін, күндіз 13-20 градустан 15-23 градусқа дейін жылиды. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде әрі орталығында түнде термометрлер -3-тен +5 градусқа, күндіз 7-15 жылыға дейін, ал шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18 жылыдан 2-10 градусқа дейін, күндіз 20-28-ден 10-18 жылыға дейін өзгереді. Ал елдің оңтүстігінде: түнде 10-20, күндіз 25-30 градусқа дейін жылы болады», - дейді синоптиктер.