×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Жаркент тұрғыны сынған компьютер үшін ағасын балғамен ұрып өлтірді

23.11.2021, 23:36
Жаркент тұрғыны сынған компьютер үшін ағасын балғамен ұрып өлтірді
Фото: ашық дереккөз

21 жастағы жігіт компьютердің бұзылып қалғаны үшін ағасын ұрып өлтірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

polisia.kz-ның мәліметінше, аталған жағдай Жаркент қаласында тіркелген. 21 қарашада Панфилов аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жеке үйлердің бірінен күш қолдану белгілері бар 30 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған жедел-іздестіру тобы ақпаратты растады. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша іс тіркелді.

Жәбірленушінің інісі аудандық полицияға кінәсін мойындап, кісі өлтіргенін мойындады. 21 жастағы жігіт ата-анасымен және екі ағасымен бірге тұратынын айтты. Бір күн бұрын күзетші болып істейтін ол анасымен бірге түнгі кезекшілікке кеткен. Түнде оны қонақтан мас болып оралған ағасы оятқан. Араларында жанжал туындап, ағасы бауырын жұмыссыз жүргені үшін айыптап, үйдегі компьютерді сындырып тастаған.

Ағасының ұйықтап кетуін күткен ол оның басынан тұрмыстық балғамен бірнеше рет ұрған. Алған соққыдан ағасы көз жұмған. Қазіргі уақытта күдікті бұлтартпау шарасын таңдау туралы шешім шыққанша, уақытша ұстау изоляторына қамалды.