Алматы облысы әкімдігінің активіне жаңа әкім Қанат Бозымбаев таныстырылды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еске сала кетсек, Қанат Бозымбаев бұған дейін ҚР Президентінің көмекшісі, энергетика министрі, Жамбыл және Павлодар облыстары әкімі қызметін атқарды.
Бұған дейін Алматы облысын Амандық Баталов басқарды. 69 жастағы шенеунік 2014 жылы әкім болып тағайындалған.