×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Пиарға бөлінген миллиард: Павлодар облысының әкімі қалай ақталды

26.11.2021, 13:03
Пиарға бөлінген миллиард: Павлодар облысының әкімі қалай ақталды
Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекеттік сатып алулар сайтында көрсетілгендей, Павлодар облысы әкімдігі биыл мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа шамамен бір миллиард теңге жұмсамақ.  Осы ретте Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов басқарманың миллиондаған бюджет қаражатын БАҚ арқылы «жақсы жаңалықтарға» жұмсайтынын түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік сатып алулар сайтында көрсетілгендей, Павлодар облысы әкімдігі биыл мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа шамамен бір миллиард теңге жұмсамақ. Журналист Бағдат Асылбек шенеуніктен БАҚ арқылы «позитивке» бөлінген қаржыны әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттау тиімдірек пе деп ойламайсыз ба деп сұрады.

Сқақовтың айтуынша, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс жеке мемлекеттік қызметкердің жағымды бейнесін қалыптастыру үшін емес, жергілікті медианы қолдай отырып, тұрғындарға шынайы ақпарат жеткізу үшін іске асырылмақ.

«Павлодар облысы бойынша 2021 жылға арналған мемлекеттік тақпараттық тапсырыс көлемі 811 млн теңге болды, оның 91,3 пайызы жергілікті БАҚ-ты қолдауға арналған. Яғни, бұл облыста өзімізде қалған ақша. БАҚ – экономикадағы қолдауды қажет ететін салалардың бірі. Екіншіден, бұл пиар немесе белгілі бір шенеунікті жоғарылату емес, бұл біздің облыс тұрғындарын қазіргі мемлекеттік саясат, болып жатқан өзгерістер жайында хабардар ету. Олар сенімді дереккөздерден объективті ақпарат алуы керек. Бұл әдеттегі тәжірибе», - деп жауап берді Сқақов.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа бөлінген қаржы тиімсіз жұмсалып жатыр деу жөнге келмейді.

«Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс ресми БАҚ арқылы жүзеге асады, бұл көлемде қаражат тиімсіз жұмсалды деу қате және біржақтылық», - дейді ол.

Сқақовтың «өзін-өзі жарнамалауға» жұмсаған шығыны туралы қосымша сауалға ол облыстың қордаланған мәселелерімен қоса мұндай шығындарды қалыпты тәжірибе деп санайтынын тағы да айтты.

Әкімге облыстағы жылу және ыстық су мәселесін мысалға келтірді, өйткені магистральдық желілер әлдеқашан тозығы жеткен, тұрғындар қыста мұндай жағдайда тұру мүмкін емес деп талай рет шағымданып жатады. Алайда шенеунік пікірінен бас тартқан жоқ және ол сұраққа нақты жауап бере алмаған соң Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг модераторы микрофонды өшіріп тастады.

«Облыс тұрғындарының өңірдегі атқарылып жатқан барлық жаңалықты білуге ​​толық құқығы бар. Мен бұл сұраққа жауап бердім. Оны қайталау дұрыс емес», - деді ол.

Жалпы, Сқақов әкімдігі басқа өңірлермен салыстырғанда өз жұмысын оңтайлы қамтуға бюджет қаражатын жұмсау бойынша алдыңғы қатарда. Бұл арада Сқақовтың қайталап отырған ақылы жаңалықтарының халыққа қажеттілігі туралы көптің көкейінді бірқатар сауалдар туғызады.

Мысалы, «Ras Aitamin» телеграм-арнасының хабарлауынша, Павлодар облысы әкімдігі жергілікті БАҚ-қа 900 миллион теңгеге жуық қаржы бөлген, одан бөлек 2020 жылы Nur.kz порталымен де ынтымақтаса отырып, 13 миллион теңгеге екі келісім-шарт жасасқан.

Осы уақыт ішінде сайтта облыс әкімінің жұмысы туралы көптеген ақылы «жақсы» жаңалықтар жарияланды, соның ішінде Сқақовтың еріктілермен кездесуі, Жұмыспен қамту жол картасы туралы әңгімесі мен Назарбаевқа коронавирустан тезірек сауығып кетуіне тілектестігі, Елбасының Алғыс хаттарын табыстауы сынды және тағы басқа ақпараттарды айтуға болады. Мұндай мазмұндағы бір жаңалықтың құны 266 мың теңге шамасында. Өндірістік аймақтағы жұмысшылардың алатын жалақысы бұл сомадан төмен.