×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Түркістан облысында мүгедектікке шығару үшін пара алған алаяқ ұсталды

28.11.2021, 16:57
Фото: ашық дереккөз

Қазығұрт ауданындағы полиция басқармасына алаяқтың арбауына түскен екі бірдей тұрғын арызданып келген. Олардың айтуынша, сырттай танысы мүгедектік зейнетке шығарып беремін деп алаяқтық жолмен ақшаларын алып, 1 жылдан астам уақыт алдап жүрген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

otyrar.kz-ның мәліметінше, жәбірленуші әйелдерге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 миллион теңгеден асады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, яғни «Алаяқтық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді.

Аудандық сақшылар ауыл тұрғындарынан жауап алып, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Күдікті ретінде жұмыссыз, жергілікті әйел тұрғын ұсталды. Оның бұған дейін де істі болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай, күдікті әйел алаяқтық жолмен алған ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған.

Серіктес жаңалықтары