×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ақтөбеде көлік қаққан оқушы мерт болды

04.12.2021, 11:30
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 10-сынып оқушысын көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 3 желтоқсан күні сағат 21:05-те болды.

«Ланд Крузер Прадо» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласының Пацаев көшесімен келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермеді. Салдарынан 2006 жылы туған жасөспірімді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

ҚР ҚК «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші Ақтөбе қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары