×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

37 адам. Теріс діни ақпарат таратқандар анықталды

17.10.2024, 18:31
37 адам. Теріс діни ақпарат таратқандар анықталды
ашық дереккөз

Атырауда дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын 2000-нан астам азаматты оңалту үшін тиісті жұмыстар жүргізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Бұл туралы Атырау облысы Дін істер басқармасының басшысы Қаһарман Рахметұлы баяндады.

Оңалту жұмыстарын жүргізу барысында теріс діни сенімдегі 88 адам райынан қайтқан. 

Бір тұлғаның көзқарасын өзгерту үшін кемінде 1 жыл уақыт кетеді. Дін саласының арнайы мамандары тұрақты түрде түсіндіру және оңалту жұмыстарына көңіл бөліп отырады – деді Қаһарман Рахметұлы.

Теріс ағымдағы діни ақпарат таратқан 37 облыс тұрғыны айыппұл арқалаған. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзып, теріс діни ақпаратты таратып, жариялаған азаматтарға 490-бапқа сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған. Бүгінде 37 тұрғын 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл төлеуге міндеттелген.