×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Мас күйде «жедел жәрдемді» жүргізген адамға қатысты сот үкімі шықты

06.12.2021, 21:23
Фото: ашық дереккөз

Аталмыш фактіге қатысты сот отырысы өткізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы, 1-бөліміне сәйкес жүргізуші 7 жылға жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Рavlodarnews.kz-ның мәліметінше, облыстық денсаулық сақтау  басқармасының  баспасөз қызметі заң бұзған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынғанын хабарлаған.

«Көлік жүргізушісі  103 қызметінде емес, балансында санитарлық автокөлігі бар Тереңкөл орталық аудандық ауруханасында жұмыс істейді. Болған оқиғаның барлық мән-жайын тексергеннен кейін Тереңкөл ауданының ауруханасының басшылығына қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылданады», - дейді басқармада. 

Еске сала кетсек, полиция департаменті демалыс күндері мас күйінде жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Көп ұзамай облыстық жедел жәрдем станциясында бұл оқиғаның 103 қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін және тәртіп сақшылары ұстаған жүргізуші станция бөлімшелерінде жұмыс істемейтінін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары