×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Топыраққа асфальт төседі: Атырау облысында сапасыз жол салынып жатыр

06.12.2021, 22:06
Фото: Скриншот

Әлеуметтік желіде Атырау облысында салынып жатқан сапасыз жолдың видеосы жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Желіде Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл ауылында жол құрылысы жүріп жатқаны жазылды.

«Миллиондап бөлінген ақша желге ұшып жатыр. Қадағалап жатқан әкім де жоқ, техникалық бақылау да жоқ. Жұмыс мынау. Топыраққа ыссы асфальтты төсеп жатыр. Ақшалар желге ұшып жатыр», - деп жазды желі қолданушысы.

Ол ауыл әкімі Әлімбай Абдуррахмановқа жағдайды айтқанда мұндай мәселеге араласпауды өтінгенін жазды.

«Сонда мені қорқытқан түрі ме? Ақкөл әкімі халыққа айыппұл салып, қораны тазалау керектігін айтады. Өзі темекі шегіп, далаға лактырып тастады. Ол жөнінде арыз түседі үстінен. Қадағалаушы органдар, жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, Ақкөлге арнайы тексеру керек. Тексеріңдер», - деп жазды желі қолданушысы.

Серіктес жаңалықтары