×
$
443.96
€
487.73
₽
5.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
443.96
€
487.73
₽
5.38

Құрманбек Жұмағали «Қазақфильм» киностудиясын басқарады

Бүгін, 15:18
Құрманбек Жұмағали «Қазақфильм» киностудиясын басқарады
Ulysmedia коллажы

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті болып Құрманбек Жұмағали тағайындалды. Бұған дейін ол Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын басқарған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Телевизиядан үлкен киноға

Құрманбек Жұмағали еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Ол «Қазақстан» телерадиокорпорациясында жұмыс істеп, «Қазақ радиолары» бөлімшесін басқарған. Сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі және Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болған.

2019-2021 жылдары «Астана» телеарнасын басқарды. Одан кейін екі жыл бойы «31 арнаның» бас директоры қызметін атқарды. 2023 жылғы шілдеде отандық кино өндірісін қолдаумен айналысатын Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы болып тағайындалды.

Атышулы киностудия

Кейінгі жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бірқатар мәселе туындады. 2023 жылы прокуратура ұлттық киноны қолдауға бөлінген 400 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты тергеу жүргізді. Жекелеген киножобаларға бөлінген қаражаттың жұмсалуына да қатысты сұрақтар туындаған.

2024 жылдың жазында киностудияның сол кездегі президенті Азамат Сатыбалдыға қатысты дау шықты. Оны киностудия аумағындағы ғимараттарды жалға беріп, көліктерді орналастырғаны үшін сынға алды.

Ал Азамат Сатыбалды мұндай шешімдерін киностудияны күтіп ұстауға және қызметкерлердің жалақысын төлеуге қаражат табу қажеттігімен түсіндірген. Сол жылы ол қызметінен кетті.

Сізге қызық болуы мүмкін