×
497.26
525.21
4.97
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
497.26
525.21
4.97

«Алматыдағы жойқын жер сілкінісі». Министрлік түсініктеме берді

06.11.2024, 08:43
«Алматыдағы жойқын жер сілкінісі». Министрлік түсініктеме берді
Ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрлігі әлеуметтік желілерде тараған Алматы қаласы мен Алматы облысында жойқын жер сілкінісі болатыны туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Алматы облысында мектеп оқушыларының ата-аналарына арналған чаттарда 6 қараша күні "6 балдық жер сілкінісі болады" деген қауіпке байланысты балалардың сабақтан босатылғаны туралы ақпарат тараған. 

Төтенше жағдайлар министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Министрліктің мәліметінше, Алматы қаласы мен Алматы облысында 6 балға дейінгі жер сілкінісі болады деп болжанбаған. 

Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметтеріне сәйкес, жыл соңына дейін жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз, – делінген хабарламада.

САБАҚ ОНЛАЙН БОЛМАЙДЫ

Алматы облысы білім басқармасы да бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады. Аудандық білім басқармаларына Алматы облысының аумағында жойқын жер сілкінісі күтілмейтіні, екі рет жер сілкінісі тіркелгені және жер сілкінісі ошағында әлсіреу процесі байқалатыны туралы ақпарат жіберілген. 

Облыстағы барлық білім беру мекемелерінде төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігі жөнінде алдын ала оқу жұмыстары жүргізілді. Жер сілкінісі кезінде мекеме басшылығы белгіленген хаттамаларды орындады. Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы алты мектептен 6 960 оқушы, сондай-ақ жақын маңдағы елді мекендердегі мектеп пен балабақша тәрбиеленушілері үйлеріне жіберілді. Талғар ауданы Талғар қаласындағы 10 мектептен 12 529 оқушы мен балабақша тәрбиеленушілері үйлеріне қайтарылды, – делінген хабарламада. 

Сараптама қорытындысынан кейін 6 қараша күні мектептерде сабақты оффлайн режимде жалғастыру туралы шешім қабылданған.