"Қазақмыс" сайтында ереуілшілер жұмысқа қайта оралғаны туралы хабарлама жарияланды, деп жазады Ulysmedia.kz.
Саяқ, Жайсаң кеніштері мен Жезқазған мыс балқыту зауытындағы жұмыс қайта жанданды, деп хабарлады "Қазақмыс"баспасөз қызметі.
Компания табысты келіссөздер мен жұмыс беруші тарапынан түсіндіру жұмыстары нәтижесінде тараптар келісімге келгенін атап өтті.
Жұмыс беруші мен қызметкерлер еңбек жағдайлары бойынша бірыңғай келісімге келді, – делінген компания хабарламасында.
ЕРЕУІЛ
Еске салсақ, бұған дейін "Қазақмыс" корпорациясының "Жезқазғанцветмет" Оңтүстік Қазақстан филиалының №65 кенішінің қызметкерлері ереуілге шыққан болатын.
250-ден астам кенші алдымен жалақыны 30%, кейін 100% көтеруді, сондай-ақ, мемлекеттік органдар тарапынан қысымды тоқтатуды талап еткен.
Алайда "Қазақмыс" ереуілге шыққан жұмысшылардың жалақысын көтеруден бас тартты.