×
515.31
533.96
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.31
533.96
5.3

Бөгет суын ағызбай, үш ауылды су астында қалдырған кәсіпкерге үкім шықты

Бүгін, 12:02
Бөгет суын ағызбай, үш ауылды су астында қалдырған кәсіпкерге үкім шықты
Ulysmedia коллажы

Қылмыстық іс Ақтөбе облысында қозғалған, 

ПРОКУРАТУРА НЕ ДЕЙДІ

Хромтау ауданының прокуратурасы «Мағаджан» плотинасының жарылуына қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдаған. Іс материалдарына сәйкес, басқарушы компания болып табылатын ЖШС директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу бойынша шара қабылдамаған.

САЛДАРЫ

2024 жылғы 4 сәуірде бөгеттің жарылуы салдарынан Табантал, Қызылту және Бесқоспа ауылдары су астында қалып, азаматтардың мүлкі мен инфрақұрылымға зиян келтірілген.

ҮКІМ

Хромтау аудандық сотының үкімімен сотталушы ҚК-тің 254-бабы (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша кінәлі деп танылып, су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге 3 жылға тыйым салумен 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.