×
$
450.79
524.13
5.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.79
524.13
5.31

Доллар бағамы құлдырағаннан кейін қалай өзгерді

Бүгін, 18:05
Доллар бағамы құлдырағаннан кейін қалай өзгерді
Freepik

11 қыркүйектегі сауда қорытындысы бойынша теңге долларға, рубльге және юаньға қатысты сәл әлсіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Толығырақ

Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 450,97 теңге болып, бір күнде 0,14% өсті. Алдыңғы күні америкалық валюта күрт арзандап, 450,35 теңгеге дейін түскен еді. Осылайша, 11 қыркүйектегі саудада доллар кеше бір күнде 6,26 теңгеге арзандағаннан кейін небәрі 62 тиынға қымбаттады.

Рубль қымбаттады

Ресей рублінің бағамы долларға қарағанда айтарлықтай өсті. Ол 5,3528 теңгеге жетіп, 0,65% қымбаттады. Бір күн бұрын рубль 5,3184 теңге болған.

Қытай юанінің бағамы 0,30% өсіп, 67,2238 теңгеге жетті.

Ал еуро бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ. Оның бағамы 523,09 теңге болып, 0,02% төмендеді.