×
518.07
595.21
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.07
595.21
6.37

Арасынан өтіп кетпек болған: Семейде әйелді пойыз қағып өлтірді

Арасынан өтіп кетпек болған: Семейде әйелді пойыз қағып өлтірді
t.me/abainewskz

Семейде әйел адам бағдаршамның «қызылы» жанып тұрған кезде пойыз вагондарының арасынан өтпек болып, дөңгелектің астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ

Оқиға 14 сәуір күні шамамен сағат 16:30-да Семей қаласындағы Дулатов көшесінде орын алды. Сол сәтте жүк пойызы бағдаршамда тоқтап тұрған. Әйел адам пойыз толық өтіп кеткенше күтпей, вагондардың арасымен өтпек болады. Алайда бірнеше секундтан кейін пойыз қозғалып кеткен. 

Куәгерлер әйелді вагон астынан шығарып үлгергенімен, дәрігерлер келгенге дейін жан тапсырған.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Абай облыстық полиция департаменті бұл фактіге қатысты қылмыстық кодекстің «Теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкелу» бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары