Алматының тау бөктерінде тағы бір заңсыз нысан сот шешімімен бұзылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Жантөбе бау-бақша серіктестігінде (уч. 51) орналасқан үш қабатты құрылысы жүріп жатқан нысан бұзып жатыр. Ғимарат топырақ көшкіні қаупі бар аймақта орналасқан.
Бұған дейін меншік иесіне (жеке тұлға) рұқсат құжаттарының болмауына байланысты әкімшілік шаралар қолданылып, жоспардан тыс тексеру аясында заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.
Кейін басқарма тарапынан бұл нұсқаманы мәжбүрлеп орындату, атап айтқанда нысанды бұзу туралы талаппен Алматы қаласы Медеу аудандық сотына талап-арыз берілді.
СОТ ШЕШІМІ
Сот талап-арызды қанағаттандырып, 2024 жылғы 26 маусымда нысанды бұзу туралы шешім шығарды.
Қазіргі таңда нысанды сүру жұмыстары әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.