Алматыда Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының әкімшілік ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ, деп жазды КТК.
Өрт ғимараттың екінші қабатында басталған. Тұрмыстық техника мен заттар жанған. Қызыл жалын бір сағатқа жетпейтін уақытта толық сөндірілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болған.
Зертханалар зардап шеккен жоқ
Орталық аса қауіпті инфекцияларға эпидемиологиялық бақылау жүргізіп, олардың алдын алу және олармен күресу жұмыстарымен айналысады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өрт зертханаларға таралмаған. Арнайы зертханалық жұмыстар жүргізілетін бөлмелердің герметикалығы бұзылмаған.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті инфекциялардың таралу қаупі жоқ екенін, сондай-ақ тұрғындарға еш қауіп төнбегенін мәлімдеді.