×
512.34
582.07
6.31
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.34
582.07
6.31

Оралда тоққа түскен 9 жасар бала қайтыс болды

Оралда тоққа түскен 9 жасар бала қайтыс болды
Ашық дереккөзден

Оралда тоққа түскен бала қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДЕНЕСІНІҢ 95%-ЫН КҮЙІК ШАЛҒАН

Зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оның денесінің 95%-ын төртінші дәрежелі күйік шалған. Бала жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Дәрігерлер оның жағдайын аса ауыр деп бағалаған еді.

“Мой город” мәліметінше, ауыр халде жатқан бала 2 мамыр күні қайтыс болған. 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Атырау облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстарын бастағанын хабарлады. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, 1 мамыр күні Орал қаласында 9 жасар бала тоққа түскенін хабарлаған едік. Ол сымдарда ілініп тұрған допты алуға әрекет жасаған сәтте жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары