×
514.5
582.67
6.35
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.5
582.67
6.35

Алматы облысында пойыз шұғыл тоқтады: рельстен адам мәйіті табылды

Алматы облысында пойыз шұғыл тоқтады: рельстен адам мәйіті табылды
ЖИ / ulysmedia.kz

Алматы облысындағы Сарыөзек-Алматы учаскесінде жүк пойызы адам қағып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға 7 мамырда сағат 20.52 – де Қайрат – Байсерке аралығында (Сарыөзек-Алматы учаскесі) болған. Жүк пойызы бөгде адамның теміржолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежегішті басып, тоқтаған.

Оқиға орнында адамның денесі табылды. Пойыз қажетті процедуралар аяқталғанға дейін тоқтатылды.

ТЕРГЕУ

Оқиға орнына полиция келіп, тергеу жүргізілуде.

Оқиға құқық қорғау органдарымен бірлесіп белгіленген тәртіппен тексерілуде. 

"ҚТЖ" ҰК" АҚ пойыздар қозғалысы аймағында бөгде адамдардың болуына жол берілмейтінін еске салады.

Серіктес жаңалықтары