×
516.01
582.47
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.01
582.47
6.26

Ақтаудың қақ ортасы қоқыс полигонына айналған

Ақтаудың қақ ортасы қоқыс полигонына айналған
Видео кадры

Ақтау қаласындағы бір шағынауданның тұрғындары соңғы жылдары көше толы қоқыстан тыныс ала алмай отыр. Аулаға түнделетіп тұрмыстық қалдықтарын төгіп кететіндер кесірінен бұл аумақ бейнебір рұқсатсыз қоқыс полигонына айналған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚОҚЫСПЕН КЕЛГЕН ҚАУІП

Информбюро31 мәліметінше, аула аралап кетуге де мүмкіндік жоқ — әр жерге шашылған қап-қап қоқыс. Тұрғындар күн жылынып, жел көтерілген сайын ауаның жағымсыз иіске толып кететінін, терезе ашудың өзі мұңға айналғанын айтып шағымдануда.

— Бұған дейін сотқа да жүгіндік, прокуратураға да арыздандық. Бірақ еш нәтиже жоқ. Қаланың, облыстың әкімдігі мен мәслихат депутаттары қайда қарап отыр? Бұл жердің қожайыны жоқ сияқты. Бір жылдан бері айтып келеміз, бірақ ешқандай өзгеріс жоқ, дейді Ақтау тұрғыны Қошығұл Жексенғали.

КОНТЕЙНЕР ДЕ, БАҚЫЛАУ ДА ЖОҚ

Айта кетерлігі, бұл аумаққа қалдықтарға арналған контейнер де қойылмаған. Соған қарамастан, түн ішінде келіп қоқыс тастап кететіндер азаймай тұр. Тұрғындардың айтуынша, үйілген қалдықтардың арасында өлексе, шіріген тамақ қалдықтары да бар. Бұл жағдай жұқпалы ауру тарауына әкелуі мүмкін деген қауіп күшейіп отыр.

— Жел соққанда мүлде тыныстау мүмкін емес. Әртүрлі бағыттан шыққан иіс сасытып жібереді. Жылда айтудан шаршадық, еш өзгеріс жоқ. 4 жылдан бері айтып келеміз. Ең болмаса осы қоқысты тазалап берсе дейміз. Бар талабымыз — айналаны жинап, ретке келтірсін, дейді тұрғын Бақыт Ботантаева.

БИЛІК НЕ ДЕЙДІ

Қала әкімдігі бұл аумақты мердігер компанияның бақылауына тапсырғанын, сондай-ақ дрон және бейнекамералар арқылы заңсыз қоқыс төгуді тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады.

— Қазірге дейін заңсыз төгілген үш факті бойынша жауапкершілікке тартылғандар бар. Сонымен қатар қоқыс шашылған жер телімдерінің иелері анықталып, оларға ресми ескерту жіберілді, дейді Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Ғазиз Сағынғалиев.

“ӘРЕКЕТ БОЛМАСА ӨЗІМІЗ КҮРЕСЕМІЗ”

Бірнеше жылдан бері еш нәтиже көрмеген халық енді өздері тазалық орнатуға бел буып отыр. Тіпті олар экология министрлігіне хат жазып, көмек сұраған. Егер жағдай өзгермесе, тұрғындар қоқыс тастаушылармен өз беттерінше күресуге көшпек.

Серіктес жаңалықтары