×
464.86
544.03
6.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
464.86
544.03
6.14

Атырауда қоқыс арасында адамдардың жеке деректері бар құжаттар шашылып жатыр

06.03.2026, 17:25
Атырауда қоқыс арасында адамдардың жеке деректері бар құжаттар шашылып жатыр
Ulysmedia.kz

Атыраудағы қоқыс орындарының бірінен ескі құжаттардың үйіндісі табылды. Құжаттарда адамдардың жеке деректері көрсетілген. Қағаздар құрылыс және тұрмыстық қоқыстың арасында шашылып жатыр, ал жел оларды айналаға ұшырып әкетіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қоқыс арасынан не табылды?

Қоқыс алаңында папкалар, тіркеу бланкілері мен архивтік құжаттар шашылып жатыр. Кейбір папкаларда сақтау мерзімі, іс нөмірлері және мекеме атаулары көрсетілген. Құжаттардың бір бөлігінде нақты адамдар туралы мәліметтер бар.

Жергілікті тұрғындар мұндай қағаздарды кез келген адам көріп қоюы мүмкін деп алаңдап отыр.

– Қағаздарды көшеден және аулалардан тауып алып жатырмыз. Жел оларды жан-жаққа ұшырып жатыр, – дейді қала тұрғындары.

Құжаттар кімге тиесілі?

Алғашында бұл құжаттар облыстық туберкулезге қарсы диспансерге тиесілі болуы мүмкін деген болжам айтылған. Алайда Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

– Құжаттардағы деректерге сәйкес, олар қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне тиесілі. Денсаулық сақтау ұйымдарына қатысы жоқ, – деп хабарлады ведомство.

Серіктес жаңалықтары