×
516.01
582.47
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.01
582.47
6.26

Ақтөбеде екі адамды өлтіріп, әйелді кепілге алған күдіктінің ісі сотқа жіберілді

Ақтөбеде екі адамды өлтіріп, әйелді кепілге алған күдіктінің ісі сотқа жіберілді
Видео кадры

Бас прокуратураның хабарлауынша, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына екі адамды заңсыз бостандықтан айырып, өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс жолданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Тергеу барысында күдікті таныс әйелмен жанжалдан кейін жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, оның анасын және өгей әкесін өлтіргені анықталды. Артынша әйелді кепілге алған.

Оқиға орнына жеткен «Арлан» арнайы жасағының жедел әрекетінің нәтижесінде жәбірленуші аман-есен босатылып, күдікті оқиға орнында ұсталды.

КҮДІКТІГЕ ҚАНДАЙ АЙЫП ТАҒЫЛДЫ

Күдіктіге келесі баптар бойынша айып тағылды:

Адамды өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы заңсыз бостандықтан айыру;

Екі және одан да көп адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтіру және зорлық-зомбылықпен заңсыз бас бостандығынан айыру.

Сот процесінде мемлекеттік айыптауды процесуалдық прокурор қолдайтын болады.

БҰҒАН ДЕЙІН 

14 қаңтарға қараған түні полиция Ақтөбеде белгісіз біреулер бірнеше адамды кепілге алды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірген болатын

МӘН-ЖАЙ

Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі Мәскеу ауданындағы 1905 жыл көшесінде белгісіз біреулер адамдарды қорада кепілге алғаны туралы хабар тарай бастады. Бұл алдын ала болжам. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға жеке тұрғын үйде болып жатыр. 

Куәгерлердің айтуынша, үйге қаскүнем кіріп кеткен, бірақ оны қазір кепілде отырған үй иелері ұстап алған. Оқиға орнына барлық жедел әрекет ету күштері жіберілді: полиция, өрт сөндірушілер және дәрігерлер. Үйге жақын аймақты құқық қорғау органдары қоршауға алды, дейді видео авторы. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕДІ

Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

102 пультіне белгісіз біреудің жеке үйге басып кіріп, қызды кепілге алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына барлық төтенше жағдай қызметі жедел жетіп, аумақ қоршауға алынды. Оқиға орнында полиция бөлімінің бастығы мен қала прокуроры жүр, қазір келіссөздер жүріп жатыр, деді полицейлер.

Серіктес жаңалықтары