×
506.21
568.42
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
506.21
568.42
6.3

Біреуі комада: Ақтауда екі баланы көлік қағып кетті

Біреуі комада: Ақтауда екі баланы көлік қағып кетті
Видео кадры

Ақтауда Шығыс-2 мен Шығыс-3 шағын аудандарының арасындағы жол бөлігінде жаға ұстатар жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралып, қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Кадрларда көлік жүргізушісінің "зебрамен" өтіп бара жатқан екі оқушыны асқан жылдамдықпен қағып кеткені анық көрінеді.

ДӘРІГЕРЛЕР НЕ ДЕЙДІ

2013 және 2014 жылы туған балалар жабық бас-ми жарақатын алған. Жағдайлары ауыр. Зардап шеккендердің бірі комада жатыр.

ПОЛИЦИЯ

Бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) қылмыстық іс қозғалды.

– Іс полиция департаменті басшылығының бақылауында, – деп мәлімдеді ведомство.

ПАВЛОДАРДАҒЫ ОҚИҒА

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда екі баланы көлік қағып кеткен болатын. Павлодар облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, сүйектері сынған 2008 жылы туған ұл бала ауруханаға жатқызылған. Ал қыз бала тексеруден өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары