Қызылорда облысында адамдар отырған ұшақ жоғалып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Кеше, мамырда 18 ТЖМ кезекші бөліміне Қызылорда облысында «Таң-Құмкөл» бағытында ұшқан бортында 3 адам бар АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түскен. Олардың қайда екені белгісіз болған. Олармен байланыс болмады.
ІЗДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
Жедел іздестіруге ТЖМ барлық күштері мен құралдары тартылды. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.
ҰШАҚ ТАБЫЛДЫ
Іздестіру тобының жедел іс-қимылдарының арқасында 8 сағаттан кейін түнде жоғалғандар ай даладан табылып, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.