×
509.26
574.75
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.26
574.75
6.46

Алматы облысындағы цехтағы жарылыс: зардап шеккендердің бәрі қаза тапты

28.05.2025, 11:47
Алматы облысындағы цехтағы жарылыс: зардап шеккендердің бәрі қаза тапты
Видео кадры

Алматы облысы Қарасай ауданының Жібек Жолы ауылында орналасқан ұн өнімдерін өндіру цехының аумағында болған жарылыстан зардап шеккен адамдар қайтыс болды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қаралы хабарды компания өкілдері хабарлады. Олар қаза тапқандардың отбасына өтемақы беріледі деп сендірді. 

- Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық шығындарды компания өз мойнына алады. Сондай-ақ марқұм болған әріптестеріміздің артында қарыздық міндеттемелері болса, толық өтелетін болады. Әр отбасыға психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіліп, қажет болған жағдайда жеке қолдау ұйымдастырылады, дейді компания өкілдері. 

ТЕРГЕУ

Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Еске салайық, 23 мамырда Алматы облысы Қарасай ауданының Жібек Жолы ауылында орналасқан ұн өнімдерін өндіру цехының аумағында жарылыс болып, артынша өрт шыққан болатын. Өрт тоғыз қабатты екінші элеватор ғимаратының бірінші қабатында орналасқан астық қалдықтарының шаң-тозаңы жаралысқа себеп болуы салдарынан туындаған.

Оқиға болған күні бір адам қаза тауып, төрт адам зардап шеккен еді. Олар ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. 

Серіктес жаңалықтары