×
511.37
583.73
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.37
583.73
6.46

Ақмола облысында ер адам мен 9 жасар бала найзағай түсіп, мерт болды

02.06.2025, 08:25
Ақмола облысында ер адам мен 9 жасар бала найзағай түсіп, мерт болды
Ашық дереккөзден

Ақмола облысында мерекелік күн қайғылы жағдаймен аяқталды. Зеренді ауданында найзағай соғып, ер адам мен бала көз жұмды. Найзағай кенеттен соққан, аман қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Көкшетауда мерекелік шаралар өтіп жатқан уақытта, көршілес Зеренді ауданында аяқ астынан найзағай басталып, соңы трагедияға ұласты. Күшті найзағай кезінде 37 жастағы жергілікті тұрғын мен 9 жастағы ұл бала қаза тапты. Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, найзағай соққысынан екеуі де тіл тартпай кеткен.

Екеуі де медициналық көмек келіп үлгерместен оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлады ведомствода өкілдері. 

Сол күні ауа райы күрт бұзылған: бүкіл аймақта күшті жел, найзағайдың күркіреуі мен нөсер жауын жауған. Адамдар қауіпсіз жерге жете алмай, тығылып үлгермеген. Қазір оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, трагедияның барлық мән-жайы анықталуда.

Жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға ескерту жасады: Қазақстанда найзағай – жиі кездесетін құбылыс, сондықтан ауа райы тұрақсыз кезеңде қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау аса маңызды.

Серіктес жаңалықтары