×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әкім отсавкаға кету жөнінде петицияны кімдер ұйымдастырғанын айтты

16.01.2022, 14:25
Әкім отсавкаға кету жөнінде петицияны кімдер ұйымдастырғанын айтты
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин отставкаға кету туралы петицияға түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

«Петиция  – біз одан да өттік. Тіпті астанаға да барғандар болды, бірақ бізде кадрлық шешімдерді Мемлекет басшысы қабылдайды, мен бұл қызметте ол қаншалықты қажет деп санаса, сонша уақыт боламын», – деп мәлімдеді ол.

Оразалин өзініің отставкаға кетуі туралы петицияны ойын деп атады. Әкімнің айтуынша, мұны Бестамактағы шошқа базасының жұмысшылары жасап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын ауыл тұрғындары Оразалиннен бір мәселені шешуге көмек сұраған. Соңында шошқа өсіретін кәсіпорын барлық экологиялық нормаларды бұзғаны үшін айыпталып, іс сотпен және миллиардтаған айыппұлдармен аяқталды. Кәсіпорынның мүлкі, оның ішінде жануарлар қамауға алынды, өткен жылдың желтоқсан айында олар сатыла бастады.

«Егер Оразалин кетсе, шошқа базасындағы шу басылады ойлайды. Жоқ, сот шешімі бар. Қазір шошқалар тәркіленіп жатыр, олардың саны азаюда.  Ал отставкаға кетуге қатысты айтар болсақ, біз бәрін кім бастағынын және әріптестер арасында алауыздықты кім туғысызып отыорғанын білеміз. Менің орныма Ақтөбе әкімі Асхат Шахаровты қоя керек дейді. Шынымды айтсам, Асхат Берлешевич менің алдымда өзін ыңғайсыз сезінеді. Бірақ мен оған: - Мен саған сенемін, жұмыс жаса ... бізге саяси тұрақтылық керек, өз жоспарларымызды орындауымыз керек, Президенттің тапсырмасы бар деймін. Әрине, қанша адам, сонша пікір, мен бұл маған қарсы екенін түсінемін, бірақ мен оған көп мән бермеймін», – дейді Уразалин.

Бұған дейін Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров Оразалиннің газ бағасын төмендетуді талап еткен митингіге неге шықпағанын айтып берген болатын. Оның айтуынша, наразылық білдірушілер шенеуніктерді тыңдағысы да, көргісі де келмеді, тек талаптарын алға тартты.

«Мұнда, біріншіден, ешкім тыңдамады, екіншіден, жеке қауіпсіздік сияқты нәрсе бар. Ол жаққа шықса, адамды ұрып-соғады дегендей.  Мен бұл өте дұрыс емес қадам деп санаймын», – деді Хамбаров.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтарда Қазақстанда автомобиль отынына бағаның екі есе өсуіне байланысты наразылықтар басталды. Ол полициямен қақтығыстармен, әкімшілік ғимараттарды басып алумен, дүкендер мен банкоматтарды тонаумен, байланысты ажыратумен аяқталды. Наразылықтар аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жариялап, үкіметті отставкаға жіберді, сондай-ақ ҰҚШҰ-дан көмек сұрап, Қазақстанға бітімгерлер келді.