×
508.5
580.66
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.5
580.66
6.44

Түркістан облысында бір баланы мерт қылып, екіншісін өлтірмек болған қыз жазадан құтылып кеткен

Бүгін, 09:35
Түркістан облысында бір баланы мерт қылып, екіншісін өлтірмек болған қыз жазадан құтылып кеткен
ЖИ / ulysmedia.kz

Кәмелетке толмаған қыздың екі қылмысқа қатысы бар болып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Otyrar.kz мәліметінше, Түркістан облысының соты Сіргелі ауылының 16 жастағы тұрғынына қатысты резонанстық істі қаралды. Ол кәмелетке толмаған екі баланы өлтіру және өлтіруге оқталу бойынша айыпталған.

ОҚИҒА

Бірінші оқиға 2024 жылдың 16 мамырында болған - айыпталушы 3 жасар баланы әжетхана шұңқырына тастаған. Салдарынан бала көз жұмды. Екінші оқиға сол жылдың 13 шілдесінде тіркелген: ол осыған ұқсас жолмен 5 жастағы қызды өлтірмек болған. Алайда бала аман қалып, құтқарылды.

САРАПТАМА

Сот-медициналық психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша, жасөспірім ауыр психикалық дертке шалдыққан және өз әрекетінің мәнін түсінбегені анықталған.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТЫЛҒАН

Сот оны есі дұрыс емес деп танып, қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Қызға арнайы психиатриялық стационарда мәжбүрлі ем қабылдау, сондай-ақ қатаң бақылаумен емдеу тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары