×
508.42
580.72
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.42
580.72
6.48

Алматы "Байбектен қалған мұрадан" құтылды

10.06.2025, 13:33
Алматы "Байбектен қалған мұрадан" құтылды
Ашық дереккөзден

Алматы есептен шығарылған автобустарды Қызылордаға сатты. Пайдаланудан шыққан 573 машинадан қала бюджетіне 160 млн теңгеден астам ақша түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2021 жылы «ломға шығарылған» 573 көлік құралы электронды сауда алаңына 93 314 747 теңге бағасымен қойылған болатын. Алайда сатып алушы тек 2025 жылдың 3 маусымында табылды. kolesa.kz мәліметінше, ол тозығы жеткен автобустарды 160 332 109 теңгеге сатып алған.

САТЫП АЛУШЫ

Көліктерді нақты кім сатып алғаны электрондық сауда сайтында көрсетілмеген. Алайда автобустарға иелік еткен «Алматыэлектротранс» ЖШС өкілдері Inform.kz сайтына берген мәліметінде техникаларды «Арда Құрылыс» ЖШС сатып алғанын айтқан. Бұл компания Қызылорда облысында тіркелген және аты айтып тұрғандай, құрылыс саласында жұмыс істейді. Бірақ олардың не себепті бұл техникаға қызыққаны белгісіз.

Сауда шарттарына сәйкес, автобустарды «көлік зиратынан» сатып алушы компания 60 күн ішінде өз есебінен алып кетуі тиіс. Сонымен қатар, олар көліктерді бөлшектеп, металлоломға айналдыра алады, бірақ бұл әрекет сақтау аумағынан тыс жерлерде ғана жүзеге асырылуы керек.

“БАЙБЕКТЕН ҚАЛҒАН МҰРА”

Саяси шолушы Ербол Еділов бұл автобус зиратына «Байбектің мұрасы» деген баға берді. Еске салайық, кезінде Алматы қаласының әкімі болған Бауыржан Байбек шаһардағы автобус паркін жаппай жаңарту бастамасын көтерген еді.

Серіктес жаңалықтары