×
511.77
593.19
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.77
593.19
6.41

Шымкентте балаларды аяусыз ұрған балабақша тәрбиешісі қамауға алынды

Шымкентте балаларды аяусыз ұрған балабақша тәрбиешісі қамауға алынды
Ашық дереккөзден

Шымкенттегі «Ай Көркем» жекеменшік балабақшасында балаларға қатыгездік көрсету дерегі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Баласының денесіндегі көгерген іздерге алаңдаған ата-аналар бейнебақылау жазбасын талап етіп, көргендеріне қатты шошынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ВИДЕО

Оқиғаға дер кезінде назар аударған ата-аналар мен полицияның әрекеттерінің арқасында кінәлі адам ұсталып, іс ерекше бақылауға алынды.

Әлеуметтік желілерде тарап кеткен бейнежазбада Шымкенттегі «Ай Көркем» жекеменшік балабақшасында шамамен екі сағат бойы тәрбиешінің балаларға қатыгездік танытып жатқаны анық көрінеді: ол балаларды сызғышпен ұрып, теуіп, қолдарынан сүйреп, тіпті дәптермен де ұрған. Әрбір мұндай әрекеттен кейін әйел ештеңе болмағандай орнына қайта отырып, телефонынан лента парақтауды жалғастырған. Ата-аналардың алаңдауына бір баланың денесіндегі көгерген іздер мен жарақат себеп болған. Олар балабақшадан түсініктеме сұрап, бейнебақылау камераларындағы жазбаларға қол жеткізген. Әкімшілік тарапынан оқиғаға байланысты кінәлі қызметкер жұмыстан шығарылғаны хабарланды.

- 4 маусым күні «Ай Көркем» балабақшасында бұл оқиға орын алды. Бұл фактіні растаймын. Тәрбиешінің көмекшісі мекеменің ішкі бұйрығына сәйкес жұмыстан шығарылды. Тәртіп пен талапты бұзатын қызметкерлер біздің ұжымда жұмыс істей алмайды. Болған жайтқа шын жүректен өкініш білдіремін. Біздің балабақшада балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиенің сапасы әрдайым басты назарда, – деді «Ай Көркем» балабақшасының меңгерушісі Нұргүл Мамашәріпова.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Зардап шеккен баланың анасының арызы негізінде полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Қала тұрғыны ұлының соққыға жығылғаны туралы шағыммен жүгінген. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеріп, куәгерлерден жауап алуда. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары