Жамбыл облысында супермаркеттің жарнамасын жасаған блогер қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Полицияның мәліметінше, блогер “агрессивті” жарнама түсіргені үшін жауапқа тартылған. Ол супермаркеттердің бірінің жарнамасын түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған.
- Болашақ көрермендердің назарын аудартуға тырысқан ол қойылым ретінде автокөліктің алдыңғы әйнегін сындырған және жолаушымен дөрегі дауыспен сөйлесіп, өтіп бара жатқан адамдарды шошытқан. Полиция құқық бұзушыны анықтап, оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, делінген хабарламада.
ҚАМАУ
Нәтижесінде супермаркет жарнамасын агрессивті түрде түсірген блогер 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
ҚАЙ БЛОГЕР
Әңгіме жергілікті Жандос Бақтаев туралы. Оның instagram-да 18 мыңнан аса оқырманы бар. Өзін мобилограф, видеограф ретінде таныстырады.