×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Жамбыл облысында ірі жол апатынан алты адам тіл тартпай кетті

23.09.2021, 10:19
фото: polisia.kz

Жамбыл облысында ірі жол апаты болып, 6 адам қаза тауып, 2 адам жарақаттанды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

2021 жылғы 23 қыркүйекте сағат 06:00 шамасында Байзақ ауданының «Алматы-Ташкент» тас жолының 476 шақырымында Audi-А4 және Toyota Camry маркалы екі көлік соқтығысты, дейді polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry автокөлігінің екі жолаушысы түрлі жарақатпен емдеу мекемелеріне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жол-көлік оқиғасы себебі анықталуда, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары