Теңге негізгі шетел валюталарына шаққанда әлсіреді. 24 қарашадағы сауда қорытындысы бойынша доллар 4,34 теңге қымбаттаса, еуро бағамы 500 теңгеден асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Теңге барлық негізгі валютаға шаққанда әлсіреді
Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,95% өсіп, 459,43 теңгеге жетті. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 455,09 теңге болған.
Еуро 4,48 теңге қымбаттап, 503,24 теңгеге (+0,90%) жетті. Рубль 0,86% өсіп, 5,6090 теңге болдц. Ал юань бағамы 0,92% көтеріліп, 68,9018 теңгеге жетті.
Бұған дейін
18 қарашада биржада доллар 444,25 теңгеден саудаланған. 20 қараша, жұма күні америкалық валюта 455,32 теңгеге дейін қымбаттады.
Дүйсенбіде доллар бағамының өсуі уақытша тоқтап, 23 тиын арзандаған еді. Осылайша, бір аптаға жетпейтін уақытта доллар 15,18 теңге қымбаттады.