«Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қызыл кітаптағы сілеусін фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ғылыми мониторинг нәтижесінде фототұзақ объективіне іліккен сирек жануар түскен.
11 маусымында «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзаққа Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) ілінді.
СІЛЕУСІН
Айта кетейік, сілеусін жыртқыш мысық тұқымдастарына жатады. Оның тіршілігі әдетте фототұзақтар арқылы қадағаланады. Осындай кадрлар Қазақстанның табиғи биоалуантүрлілігін сақтау үшін өте маңызды.
Парк қызметкерлері осы сияқты деректер жабайы жануарларды қорғауға және олардың санын арттыруға бағытталған ғылыми жұмыстарға үлкен үлес қосатынын атап өтті.