Жамбыл облысының Жамбыл ауылында тұрғын карьердің зиянынан қатерлі ісікке шалдыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы Ұлыстың “Ауылға жол” жобасында белгілі болды.
- Түтіннің, карьерден шыққан қалдықтың адамның да, малдың да денсаулығына зияны көп. Мысалы бір апта бұрын 37 жастағы жігіт қатерлі ісіктен қайтыс болды. Ондай мысалдар бар, дейді тұрғын.
Тағы бір тұрғын өртенген қоқыстың иісі келеді дейді.
- Ол иістің бәрі бізге қарай келеді. Ауылдың айналасында адам жүретін жер қалмады. Бәрін қазып тастады. Әр 10 метр сайын қазып тастады. Жайылымнан жайылым қалған жоқ. Мейрамхана, жанармай құятын бекет, бәрін салып жатыр. Мейлі оған қарсы емеспіз. Бірақ ауылдың малы өтетін жол қалдырған жоқ. Сол мәселені көтергенбіз, дейді тағы бір тұрғын.
Халықтың айтуынша, жергілікті билік көмектесеміз деген.
- Мысалы Мойынқұм, Сарысу аудандарында еңбек күні бір жарым күн болып саналады. Ал біз тура зауыттың түбінде тұрсақ та ондай жеңілдіктер жоқ, дейді тұрғын.