2022 жылдың 23 қаңтарында «112» қызметіне Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі 4 метрлік дәретхана шұңқырына 2016 жылғы туған бала құлап кеткені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Апаттық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 5 құтқарушысы мен медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері жұмылдырылды. Құтқарушылар сағат 14:14-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқының көмегімен шығырып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты», - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖМ ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.