Астананың іргесіндегі Қосшы қаласының кәсіпкерлері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жазды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Ашық хаттың мәтіні qosshym_jomart инстаграм парақшасында жарияланды.
«Біз қаламыздағы проблемаларға байланысты бұған дейін де бірнеше рет жүгінгенбіз. Нақтырақ айтқанда, жылу және энергетикалық өнім, су, алғашқы қажеттіліктері тауарлар ретінде өз тауарын өндіретін және жеткізетін монополистердің бейберекет әрекетіне қапалымыз. Бізге келген тауардың сапасы мен тарифі сын көтермейді. Жекелеген монополистердің ішінде Арэк АҚ, Арэк-Энергосбыт ЖШС-ны ерекше атап өтер едік. Олар жылдар бойы өзінің ылғи өсе беретін тарифтері мен тұрғындар мен кәсіпкерлерге заңсыз, негізсіз шоттарды әкелумен әбден мазамызды кетірді», - делінген ашық хатта.
Кәсіпкерлердің айтуынша, энергия өндіретін жылу электр орталықтары кеңес одағы кезінде тұрғызылған. Ал елде көмір жеткілікті. Соған қарамастан тасымалданған қызметтің сапасы сын көтермейді, ал тариф жоғары.
«Елдегі электр ресурстардың монополиясының артында кімнің тұрғаны ешкімге құпия емес. Олар өз ыңғайына қарай тарифті бірде көтеріп, бірде түсіре береді. Халықтың пікірімен еш санаспайды. Арек Энергосбыт компаниясының негізсіз және заңсыз шоттарды ұсыну жағдайлары аз болған жоқ. Солайша олар ОСИ мен басқарма органдарына тұрғындарға негізсіз шот ұсынуға итермелеген. Ал бұл жағдай айналып келіп әлеуметтік наразылықты туындатады», делінген ашық хатта.
Осылайша, бірден бір монополист бола отырып Арэк АҚ және Арэк-Энергосбыт ЖШС тұрғындар мен кәсіпкерлерге ғана емес, сонымен қатар қала мен облыс әкімдігіне өз ойын ережесін мәжбүрлейді.
Осыған байланысты ашық хат жазушылар мынадай талаптарды қойып отыр:
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің қалада жылдар бойы проблема шаш етектен көбейіп кетті», - дейді Қосшы кәсіпкерлері.