Алматы мен Қазақстанның бірқатар қалаларында электр жарығы өшіп қалды. Өзбекстан мен Қырғызстанның астаналары да жарықсыз қалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Алматы әкімдігі түсініктеме берді.
«KEGOC АҚ желісінде өшіріліп қалу болды. Желідегі кернеу төмендеді, АЖК қосалқы станцияларындағы АЖЖ жүйелері жұмыс істеп кетті. Қайта қосу жұмыстары басталды», - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.