Жергілікті тұрғын әкімдік оның жер теліміне заңсыз ескерткіш орнатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оралда Стела орнатылған жерге қатысты сот дауы өршіп тұр: жер телімінің иесі Николай Винк интернационалист-жауынгерлерге арналған мемориалды заңсыз деп тануды және ескерткішті бұзуды талап етуде. Ал әкімдік жерді мемлекеттік қажет үшін алып қою туралы қаулы шығарғанын мәлімдеді, деп жазады mgorod.kz. Алайда арызданушының өкілі құжатта жауапты лауазымды тұлғаның қолы жоқ екенін, ЭЦҚ арқылы бекітілмегенін, тек мөр қойылғанын алға тартты.
– Менің сенім білдірушімнің меншігіндегі жер телімін жауапкер іс жүзінде тартып алған. Оның үстіне жер телімі мәжбүрлі тәркілеуге жататын мақсаттарға пайдаланылып отырған жоқ. Алғашқы талап-арызымызды қайтарып алуға мәжбүр болдық, өйткені аким қаулысы болған жағдайда бәрібір бас тартар еді. Бірақ кеше әкімшілік сотқа қаулыны заңсыз деп тану туралы талап-арыз жолдадық. Кейін ескерткішті сүру жөнінде қайта талап қоямыз, – деді заңгер Гүлжан Бегеева.
ӘКІМДІК ҰСТАНЫМЫ
Қалалық әкімдік бұл жер телімінде (0,1507 гектар) Интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіштің орнатылғанын растады. Жер иесі бастапқыда ескерткішті бұзу туралы сотқа жүгінген. 12 тамызда қала әкімі мемлекеттік мұқтаждық үшін жерді алып қою жөнінде қаулы шығарған.
- Алайда Николай Винкке баламалы жер телімі беріледі, тек қаладағы басқа ауданда немесе Оралдың шет жағынан, – деп сендірді шенеуніктер.
КОНТЕКСТ
2024 жылғы қазан айынан бастап Орал қаласының әкімі қызметін Мұрат Байменов атқарып келеді.